Топ-баннер2

Қор жаңа сериямен толықты

213

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қоры «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» сериясымен жарық көрген кітаптармен толықты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазу­шылар одағы «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасын жүзеге асырып келеді. Ауқымды әде­би жоба жас қа­ламгерлерді қолдау, Қазақстанның әр аймағының тарихы мен мәдениетін бү­гінгі күнмен ұш­тастыра отырып, Қа­зақстанның әде­би-танымдық пано­рамасын жасауды мақсат тұтады.

Ақын Әділет Шопеннің «Түсіме салынған үй» атты кітабына поэмалар мен пәлсапалық һәм лирикалық бағыт­тағы өлеңдер топтамасы, ой-толғамдар енгізілген.

Ақын Ділда Уәлибектің «Деге­лең» атты жыр жинағы төрт бөлімнен тұ­рады. Бірінші бөлімде Абай туған Шың­­ғыстау өңірінің аңыздары мен бү­гінгі тынысы, сол топырақтан тү­ле­ген тұлғалар туралы өлеңдер мен бал­ладалар топтастырылса, екінші бөлім «Дегелеңде» ядролық сынақ, оның кесапаты, аймақ халқының тағдыры жырланған. Үшінші бөлім­де циклды өлеңдер топтамасы жи­нақталса, төр­тін­ші бөлімге еркін та­қырыптағы өлеңдер мен лирика­лық толғамдар енген.

Ақын, Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі Дәурен Тілеуханның «Нәзік түндегі ноктюрн» атты кі­табына Жетісу өңірінің киелі орын­дары мен көркем табиғатын арқау еткен өлеңдер, сондай-ақ тарихи оқи­ғалар негізге алынған поэмалар мен циклдар енген.

Жас жазушы Биболат Сәтжанның «Күзкүткен» шығармасында қазіргі қала өмірі, адамның ішкі әлемі мен жалғыздық сезімі көркем тілмен бей­неленген. Автор қарапайым адам­дар­дың тағдыры арқылы рухани ізденіс, өткен мен бүгіннің байланысы, ма­хаб­­бат пен өкініш тақырыптарын қозғай­ды.

Ақын Батырхан Сәрсенханның «Жасыл құс» атты жинағына өлеңдері мен поэмалары топтастырылған.

Жас ақын Айзада Рахымжано­ва­ның «Сарыарқаның жаңбыры» жыр жинағы – туған жер мен ата-анаға деген сү­йіспеншілік, достық пен махаббат, тұм­са табиғат пен тіл құдіреті жайлы сыр шертетін нәзік туынды.

Жазушы Нұрбек Нұржанұлының «Бесінші қабаттағы үй» – адамның ішкі әлемін, жастықтың күресін, ер­кіндік пен ізгілікке ұмтылысты бейнелейтін психологиялық роман.

«Аспаны жақын ауылдың…» деп аталатын кітапта жас жазушы-дра­ма­тург Жақсылық Мұратбектің өзі куә болған көрнекті оқиғалар мен Шым­кент, жалпы оңтүстік өңірінің кешегісі мен бүгіні, өткен дәуірдегі көшпелі қа­зақтың кескін-келбеті, ұлттық дәстүрі мен терең тарихи та­нымы толық су­реттеледі.

Жазушы Феруза Мәдениеттің «Ақ­қалқам» атты кітабында халқы­мыз­дың ғасыр бұрынғы қилы кезең­деріндегі оқиғалар қарапайым адам­дардың тағдыры арқылы баяндалған. Сарыарқаның қойнауына қоныс теп­кен, кесек тарихтың бөлшегі бол­ған аядай ғана Ағанас ауылының тұрғын­дары, соның ішінде жастай жетім қалған Қаныш есімді кейіпкердің қилы тағдыры шытырман оқиғалар арқылы суреттелген.

«Кешіккен көктем» атты жинақ­қа ақын Меңдібек Лұқпанның Ақ Жайық өңірінің тарихына, белгі­лі тұлға­ла­рына, таңғажайып табиға­ты­на қатыс­ты өлең-жырлары, цикл­да­ры, бал­ла­­дала­ры, сон­дай-ақ поэма­лары енгі­­зіл­ген.

Темірлан Қылышбектің «Тырна­лар мекені» атты кітабы – балалық пен тағдыр тауқыметін қатар көтер­ген жан­ның ішкі әлемін суреттейтін көркем проза. Сағыныш пен мұң, өмір мен үміт астасқан әр жолдан ерте есейген ұрпақтың жан дірілі сезіледі.

Қаламгер Асылан Қуанышұлы­ның «Кішкентай» атты жинағына по­весі және әңгімелері мен новел­ласы, этюд­тері мен балаларға арналған ертегілері, эсселері мен өлеңдері енген.

Ақын Еламан Қабділәшімнің «Бол­мы­сым­ның бояуы» кітабы – Қа­ра­ғанды облысына жасаған шығарма­шы­лық сапарының жемісі. Ақын бұл жинақта өзінің ойын, сезімін, танымын, түсінігін, жанын дала дидарымен, қала бедерімен, табиғат көрінісімен астас­тыра жырлайды.

Ақын Қарлығаш Қабайдың «Кө­лең­кесіне кез болған кесіртке» атты поэ­тикалық жыр жинағы екі бөлімнен тұ­рады: «Аса» бөлімінде сопылық таным мен Маңғыстау әулиелерінің рухани болмысы көрініс тапса, «Теріс­қақпай» бөлімінде жаңа ырғақ пен символикалық жаңғыру айқын сезіледі. Бұл кітаптағы туындыларда Маңғыстау өңірімен қатар адам мен кеңістіктің, рух пен табиғаттың, тарих пен бүгін­нің арасындағы нәзік байланыс поэ­тикалық тілмен бейне­ленген.

Мұхтар Күмісбектің «Жанардағы жан бояуы» атты жинағына Алматы облысының бүгінгі келбетін, белгілі тұлғалардың ғұмыр жолын, көркем өл­кенің тыныс-тіршілігін бейнелеген өлеңдері мен махаббат жырлары топ­тастырылған.

Жас ақын Еділбек Дүйсеннің «Ал­маты аспаны» атты кітабына әр­түр­лі тақырыптағы туындылары топтас­ты­рылған. Алғашқы бөлімде филосо­фия­лық өлеңдер, поэма бе­рілсе, екінші бө­лім балаларға ар­нал­ған өлеңдер мен жаңылтпаш, жұм­бақтардан құралған.

Тілеубек Батыстың «Сал Көкше» атты кітабына поэма мен дастандары енген. Ақын Азамат Әбілқайырдың «Құ­дірет» атты поэзиялық жинағы – Ақтөбе облысының тарихи-мә­дени мұ­расы мен табиғатын, еңбек адамдары мен ел бейнесінің кең ты­нысын шебер ашқан көркем туынды. Бұл кітапта өңірдің 12 ауданы мен қала келбеті, көрнекті тұлғалары, қа­рапайым халық­тың тұрмыс-тіршілігі мен тағдыры бір арнаға тоғысып, ұлттық әдебиеттің жа­ңа тынысын ашады.

Жазушы Абай Аймағамбет «Тол­қынды күткен бала» атты туындысына Арал теңізінің қасіретті тағдырын ар­қау еткен. Автор өткен ғасырдың 60-80 жылдары аралығында өрбіген оқи­ғаларды өзі межелеп алған уақыт шеңберіне сыйғыза бейнелейді. Бас кейіпкер – баланың басынан кешкен ғұмыры арқылы Арал бойында бол­ған жағдайлар, теңіз бен сол өлке­ге қатысы бар оқиғалар мен аңыз­дарды астастыра үйлестіріп, өмір шын­ды­ғын туғызады.

Жазушы Сафина Ақтайдың «Ганин» атты романы өткен ғасырда Қа­­зақстанға депортацияланып, Пав­ло­дар өңіріне қоныстанған Еділ бойы немістерінің өмірінен сыр шертеді.

Әдебиет сүйер қауым! «Қазақ­стан­ның әдеби-танымдық панора­ма­сы» сериясымен жарық көрген кі­таптармен танысып, оқуға шақы­рамыз!

«СБ» ақпарат