Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып отырады. Осы мәжіліс үстінде Қиясбай кіріп келеді. Ешкім оны келдің-ау деп елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да:
– Уа, игі жақсылар, – дейді дауыстап,
– Абай ағамда оңаша айтарлық шаруам бар. Барлығың да шыға тұрыңдар.
«Мына немене не дейді?» дегендей, төрде отырғандар терісіне сыймай дүрдисіп Абайға қарайды.
Абай:
– Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса, шыға тұрыңыздар, – дейді.
Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
– Немене, Қиясжан? – дейді Абай оңаша қалған соң.
– Абай аға, маған ұрса көрме, жаңағы сабаздар мені адам құрлы көрмеді. Соларға өзімнің күшімді көрсетейін деп, әдейі айтып едім, – деді Қиясбай.
– Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой берейін, алып кете аласың ба? – дейді Абай ішегі қатқанша күліп.
– Алып кетпейтін несі бар, – дейді Қиясбай қулана жымиып.
– Абай ағам өңгертеді деймісің, айдатады да жібереді.
– «Сөз тапқанға қолқа жоқ» – деп, Абай оған он шақты қой айдатып жібереді.
Бесінші сыныбымда жастана жатып оқыған кітабымды сандығымнан тауып алдым. Басқасы басқа, жасауыма бір сандық кітап жиналып қалыпты.
Айдана Шотбайқызының facebook парақшасынан алынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<