Әр жыл мамыр, келетін күн есімде,
Атам да айтқан еді бір бесінде.
Қарағым адам деген атың болса,
Шығасың сен де шыңның белесіне.
Ұлы сөз, ұлы сөз ол, ұлы арман,
Атамның сол жерде аты қалған.
Елі үшін, өлімге басын тігіп,
Аттанып, тірі келген, соғыстан,
зұлымдардан.
Төрт жыл, төрт жыл күз бен көктемі,
Оларға зырғып өтпеді…
Өтседе қанша төрт жылдар,
Жүректен ізі кетпеді.
Атамның ішкі мұң-зарын,
Қиналып қимай тыңдадым.
Көзіндегі бейнеге,
Шыдап мүлде тұрмадым.
Айтылса да көп тұстар,
Сонда да бір өксік бар
Менде дос, ал атамда,
Досынан қалған көпшік бар.
Талай тағдыр жолдарын кескіндеген,
Қынжылам соғысты естігеннен.
Елі үшін қан кешкен аталардың,
Ел барма еңбегін естімеген.
Сағатбек БАҒДАУЛЕТҰЛЫ,
5547 әскери бөлімінің сарбазы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<