Сыйдың бағалысы – кітап

6

0

АҚШ-тың қарапайым тұрғыны, үш баланың анасы, белсенді әлеуметтік желі қолданушысы, балалар сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур балаларға кітап сыйлау бастамасын көтерген екен. Көп ұзамай бұл бастама көпшілік арасында қызу қолдау тауып, Халықаралық кітап сыйлау күні пайда болды.

«Адамдар бір-біріне тек кітап сыйлап қана қоймай, әлеуметтік же­ліде кітаптардың тарихын әң­гі­мелеп, суреттерін бөліседі. Осы­лайша жылдан-жылға жобаны қол­даушылар қатары артып келеді» деп жазыпты жоба авторы.

Иә, расында ең әуелі балаларға кітап сыйлап, қуантуды мақсат еткен бұл жоба осылайша он бес жылға таяу мерзім ішінде жалпыға ортақ сипат алды. «Кітап сыйлау күні» әлемнің әр түкпірінде  аталып өткен сайын қаншама туынды өз оқырманын тауып, көңілдерге қуа­ныш ұялатады.

Балалар үшін кітап оқудың қан­шалықты маңызды екенін алыс­қа ұзамай-ақ, өз өмір жолы­мыз­дан баяндасақ, біздің ой-сана­мыздың қалыптасуына Алпа­мыс, Қобы­лан­ды, ер Тарғын батырлар жайлы жазылған эпостық жырлардың әсері ерекше болды. Қалай дейсіз бе? Айталық, армандауды, қиялдауды үйретті, жақсылыққа ұмтылып, әділ­дікті қолдап, қиындықты жеңе білуге жетеледі.

Халықаралық кітап сыйлау кү­нінде жыл сайын облыста­ғы Ә.Тәжібаев ғылыми кітапха­насы бастаған барлық кітапхана­ларда ар­найы іс-шаралар ұйымдас­ты­ры­­лып, кітап сыйлау қарқынды жүр­гізіледі. Іс-шараға жалпы көпшілік қатысады.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»