«1 млн теңге сұрады»: Дариға Бадықова танымал әншілердің фильмінің саундтрегіне ән бермей қойғанын айтты

522

0

Актриса Дариға Бадықова продюсерлікті қолға алып, жаңа фильм түсіруде. Өнер иесі Асхат Садырбайға сұхбат беріп, Олжас Абаймен ән орындау себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Саундтрекке ән іздедім. Композитордың біразынан ән сұрадым. Сатып алуға дайын болдым. Фильмнің аты да «Таптым-ау, сені». Қазыбек Құрайышқа шығып, «Таптым-ау, сені» әнінің әуенін 28 секундтық эпизодқа қоюға сұрадым. Телефонын алмай, өтінішімізге жауап бермей біраз күттірді. Ақырында көмекшісі арқылы «Бере алмаймын» деп айтыпты. Калифарния деген әншінің бір әнін бір минутқа жетпейтін эпизодқа қойғымыз келіп еді. Ол 1 млн теңге сұрады. Бір минутқа жетпейтін әнді 1 млн теңгеге алу маған қиын. Қалталы продюсер болғанда сатып алуым мүмкін. Мен біреудің құнын жемеймін. Рахметімді айтар едім. Бірақ, бір млн теңге бере алмадым», – деді Дариға Бадықова.

Осыдан кейін Дариға Бадықоваға Ғазизхан Шекербеков өз әнін берген. Сосын Олжас Абай мен Дариға Бадықова «Сезім үшін» әнін орындап, кино саундтрегі үшін бейнебаян түсірген. «Бұл Дариғаның идеясы. Әнді өзі іздеп тапты. Ғазизханның әнін тыңдап, сұрапты. Ғазизхан Шекербеков «Киноға қосқан үлесім болсын. Осы әнді сізге тегін берем» депті. Жігіттік мәрттік жасады. Айтылып қойған ән қалай болар екен дедік. Әнді тез жазып, бейнебаянын түсірдік», – деді Олжас Абай.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<