Биыл 1 наурызда елімізде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бағдарлама уақытында іске қосылатынын атап өтті.
«9-20-25» бағдарламасы іске қосылады. Ол республика бюджет және «Отбасы банк» есебінен қаржыландырылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы ( бұрынғы премьер-министр) айтқан мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде іске асырылады», – деді бірінші вице-премьер Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
БАҚ өкілі «Яғни бағдарлама биыл 1 наурыздан бастап іске қосылады деп ойлайсыз ба?» деп сұрағын нақтылады. Роман Скляр сауалға басын изеп, жауап берді.





