10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

987

0

Қазақстанда 10 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылордақаласында бұл күні түнде және таңертең көктайғақ болады.

8 наурызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды қаласында күндіз 8 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда ертең жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз 8 наурызда Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында ертең батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-18 м/с. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Оралқаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 8 наурызда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

8 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбеде ертең күндіз желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 8 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы өңірдің кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күңдіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с болуы мүмкін. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с .

8 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, түнде көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайқаласында түнде 8 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с шамасында.

8 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ боуы ықтимал. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 8 наурызда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<