10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні

667

0

2022 жылдан бастап 10 қараша ҚР «Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің» кәсіби мерекесі болып бекітілді. Биыл екінші жыл сала мамандары айтулы датаны атап өтуде. Мереке қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңына Қызылорда облысы әкімі аппаратының Цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жүйелі жоспарлармен бөлісті.

Қазіргі таңда осы салаға бағытталған бірнеше жобалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі – Astana Hub Халықаралық стартаптар технопаркінің тәжірибесін өңірлерде тарату қолға алынды. Осы ретті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және өңірлік IT парк базасында Kyzylorda Hub өңірлік хабы жұмысын бастады. Бүгінде республикада хабтардың жұмысы бойынша 1-ші орында. Бұл – саланың қарқынды дамуының көрінісі.

  • Жастардың инновациялық идеяларын, стартаптарды қолдау мақсатында жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен Pecha Kucha кездесулері, Hackathon IT жобалар байқауы және жыл қорытындысымен InnoFest Qyzylorda ауқымды инновациялық жобалар фестивалі тұрақты түрде өткізілуде. Осы уақытқа дейін аталған шараларға қатысушылар саны 8000-нан асады – деді Сәбит Ибадуллаұлы.
    Білім алушыларға құлаққағыс! 11 қараша күні «Smart City Kyzylorda Hackathon» идеялар байқауы өтеді. Байқаудың басты мақсаты – Start-Up жобаларды, цифрлы шешімдер мен талантты мамандарды іздеу. Байқау жеңімпаздары мен үздік қатысушыларға 900 мың теңге жүлде қоры және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3 оқу гранты табысталады деп күтілуде.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<