ҚР Президенті Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы
2021 жылғы 13 қазан
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан
№ 670
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 670 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ұлттық жобалар тізбесі
- «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.
- «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
- «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
- «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
- «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
- «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<