100 грант: түлектерге мүмкіндік ұсынылады

519

0

Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен 2022 жылға өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал топтары қатарынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдауға облыс әкімінің 100 гранты бөлінді.

Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев хабарлама жасап, кеңес мүшелері облыс әкімінің грантымен оқытылатын мамандықтарды, жоғары оқу орындарды нақтылады.

Облыс әкімінің грантына Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен шекті деңгейден жоғары балл алған, мемлекеттік грант иелене алмаған, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарынан шыққан балалар үміткер бола алады.

Үміткерлерден өтініш қабылдау 2022 жылдың 5 тамызынан бастап аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі.

Облыс әкімінің грантын тағайындау туралы шешімді аудан (қала) әкімдіктерінің жанынан құрылған арнайы комиссиялар қабылдайды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<