100 жасаған майдангер құжатын жаңалады

892

0

Сырдария ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров 100 жасқа толып, төлқұжатын жаңалады. Ғасыр жасаған майдангер «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөліміне барып, құжатын рәсімдеді.

Бөлім мамандарының қызметіне ризашылығын білдірген абыз ақсақал батасын беріп, елдің тыныштығын тіледі.

Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» Яхия Тасыров 1922 жылдың 2 қаңтарында Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген. Сталинград, Беларусь, Курск қалаларын, Польшаны азат етуге қатысқан. Майдангер 120 жауынгерден құралған автоматшылар ротасында болған.

Сұрапыл соғыс кезінде жауынгердің оң аяғына оқ тиеді. Елге келгеннен кейін орта мектепте әскери даярлық пәнінен сабақ берді. Одан кейінгі жылдарда еңбегі Тереңөзек, Жалағаш аудандық май зауыттарында жалғасты. Отын дайындау мекемесінде жұмыс істеп, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<