Елбасы Жолдауында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Сырдария ауданында 10 630 адам тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Бұл көрсеткіш тұрғындардың 27,2 пайызын құрап отыр. Бұл туралы бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғ.Қазантаев мәлімдеді.
«Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2018 жылы облыстық бюджеттен 11,1 млн.теңге бөлінді. Жоба аясында 22 штаттық негізде Тереңөзек кенті және 13 ауылдық елді мекенде 26 спорт нұсқаушылары 4000 мыңға жуық аудан тұрғындарын спортпен шұғылдандыруда,- деген аудан әкімі үстіміздегі жылдың 6 айында 137 спорттық шара өтіп, 13 140 аудан тұрғындары тартылғанын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<