109 орталығына 5264 хабарлама түсті

585

0

Жаңа жылдық мереке күндері 109 орталығына қала тұрғындарынан 5264 өтінім келіп түскен. Бүгінде оның 98 пайызы орындалып, қалған 134 арыз-шағымды жауапты мекемелер қарауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Оңдасын Өтебеков баяндады.

– Өтінімдердің басым бөлігі 2-3 қаңтар аралығында түсті. Мереке күндері шаһар тұрғындары ауа райының қолайсыздығына байланысты қоңырау шалды. Барлығына уақытында жауап беріліп, тиісті мекемелерге жолданды. Тұрғындардан келген әр қоңырау сандық технология көмегімен арнайы бағдарламаға тіркеледі. Айта кететін жайт, 109 байланыс орталығы 24/7 жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері өтінімдерді тиісті салаға жеткізіп, шағым бойынша жұмыстардың атқарылуын қадағалап, базаға енгізеді, – деді Оңдасын Нұрлыбекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<