11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

526

0

Каталонияда (Испания) 12 жасқа дейінгілер арасында өткен халықаралық турнирде 11 жасар қазақстандық Мәриям Нұржан чемпион атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен жеңімпаздар Каталонияның төрт провинциясында анықталды. Содан кейін олар өзара бақ сынасты.

11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Мәриям Нұржан Каталонияның бірінші ракеткасын 7:6 (7:3), 3:6, 10:3 есебімен ұтып, беделді жарыста үздік атанды.

Қазақстандық спортшыға жүлдені Испанияның атақты теннисшісі, кезінде «Үлкен дулыға» турнирін 14 рет ұтқан Аранта Санчес Викарио табыс етті.

Бішкекте 14 жасқа дейінгілер арасында ATF додасында тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті. Аңсар жұптық сында қазақстандық Александр Софрыгинмен бірге ойнады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<