Фото: ашық дереккөз
Өткен жылы “Қызылорда” автобус паркіне” «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға тиісті қаражаттар бөлінген болатын. Соның аясында, өткен жылы 100 жаңа автобус маршруттық бағыттарда жұмыс жасап келеді. Қалған 50 автобустын алдыңғы легі 24-і қалаға жеткізілді.
Ертең, 13 ақпаннан бастап №12, №15 бағыт жолаушыларға үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар қызмет жасайтын болады. Әр бағытта 12 автобус жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.
Қазіргі таңда жаңа автобустарға мемлекеттік нөмерлер тағылып, соңғы тексерулер мен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, аталмыш бағыттар жол сызбаларына өзгерістер енгізілмейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<