815

0

Биыл Қызылорда қаласында өнеркәсіп өнімінің көлемі 487 775,9 млн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 90,3 пайызға артты. Ал кен өндіру өнеркәсібінде 2586,3 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 88,2 пайызды құрады. Табиғи газ бойынша 354,7 млн текше метр өндірілді. Сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп саласында құны 37 510,7 млн теңгені құрайтын өнім өндірілген. Тиісінше, бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 7,7 пайызын құрайды.

Шаһарда шағын кәсіпкерлік саласында да оң теңденция қалыптасып келеді. Биылдың өзінде қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғымен салыстырғанда 125,4 пайызға артқан. Дәлірек айтсақ, қалада 36 614 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 28 357 нысан. Сондай-ақ, осы жылы «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы аясында құны 228 млн теңгені құрайтын 2 жоба қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<