Қызылордалық зияткерлер үздік атанды

682

0

Smart city Kyzylorda-2022: IT жобалар байқауында қызылордалық зияткерлердің идеясы үздік деп танылды.

Қызылорда облысының жастары арасында өткізілген «Smart city Kyzylorda» IT-жобалар байқауында сырбойылық зияткерлер бірінші орынды иеленді.

300-ге жуық қатысушының басын қосқан шарада «Ақылды қала» концепциясы бойынша облыс орталығын дамытуға және барынша оңтайландыруға бағытталған 100-ге жуық инновациялық идеялары мен стартап жобалары ұсынылды. Жас өнертапқыштар «Әзірлеу» (Development), «Моделдеу», «Медиа және білім беру» тақырыптары аясында жаңашыл жұмыстарын таныстырды.

Өңірдегі зияткерлік мектептің 11-сынып оқушылары Еңлік Мұратбек, Назгүл Ыдырыс пен Әбілқайыр Ақжігітов дайындаған «Егін алқаптарының өнімділігін бақылау жүйесі» үздік жұмыстардың қатарынан көрініп, «Моделдеу» бағыты бойынша бірінші орынды иеленді және 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

– Автоматты қондырғымыз топырақ пен ауа температурасын анықтап, судың мөлшері бойынша ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді радио арқылы қабылдағышқа жеткізу арқылы ауыл шаруашылық саласын жандандыруға септігін тигізеді, — дейді жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Әділжан Науан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<