Өңірде бірнеше түп сора өсімдігі жойылды

528

0

Қызылордалық полицейлер «Қарасора» іс-шарасы аясында 22 мың түп сора өсімдігін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында биыл 1 маусым-31 қазан аралығында «Қарасора-2022» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде облыстық полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қатысты 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі өсірудің – 55, есірткі сатудың – 12, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың -14, есірткі жарнамалаудың – 2 дерегі анықталды.

«Заңсыз айналымнан 72 келіге жуық марихуана және 501 грамм синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Есірткі өсірудің 18 дерегі далалық аймақтағы ірі есірткі алқаптарында тіркелсе, 37-сі үй, бау-бақша, саяжай аулаларына егу дерегі. Оқиға орындарында 21910 түп сора өсімдігі жойылды. Жалпы 10 тоннаға дейін марихуана шикі өнімінің заңсыз айналымға түсу жолы кесілді. Есірткі өсірумен айналысқан 54 адам қолға түсті», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, іс-шара кезінде Қызылорда қаласына кіре-беріс тас жолдарда қойылған жылжымалы мобильді бекеттерінде автокөліктерді қызметтік іздестіру итінің көмегімен тексеру нәтижесінде есірткі тасымалдаудың 18 дерегі белгілі болды. Сол арқылы Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларына аса ірі мөлшерде тасымалдаудың 7 дерегі анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<