Жоғалған қыздар Шымкенттен табылды

903

0

Қызылорда қаласынан 8 қараша күні сағат 09:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 16 және 14 жастағы жасөспірім қыздар Шымкент қаласынан табылды деп
бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері. Облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жапырақ Ұзақбаева өзінің facebook парақшасына қыздардың аман екенін, оларға психологиялық қолдау жасалып жатқанын жазды хабарлайды, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Олардың екеуі де – кәмелетке толмаған балаларды.
«Сыр өңіріндегі балалалардың құқығын қорғау – менің негізгі міндетім.
Таяу күндері өңірімізде 2006 және 2008 жылғы қос жасөспірім қыз жоғалды. Дер кезінде іздестіру жұмыстары үздіксіз жүріп, нәтижесінде қыздар табылып отыр. Жасөспірімдерді іздестіруге тиісті құзырлы орындар: облыстық білім басқармасы, қалалық полиция басқармасы және еріктілер тобы жұмылдырылды. Сонымен қатар волонтерлар, жастар орталығының мүшелері, Алматы, Шымкент қалаларындағы ерікті жастар атсалысып, көмектесті. Облыстық білім басқармасы басшысымен бірге бұл жағдай талқыланып, қауіпсіздік бойынша қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы ортақ шешім уақытылы қабылданды. Қазір кәмелетке толмаған екі қыз да аман-есен оралып, тиісті медициналық, психологиялық қолдау, кеңестер берілуде. Балалар аман болсын! Біз үшін бала қауіпсіздігі – бірінші орында!», − деді уәкіл.
Іздестіру жұмыстарымен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Байғалым Нұрмағанбетұлы, криминалдық полиция бөлімнің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Сайран Қасымжомарт айналысқан.
Құзырлы орган өкілдері оқиғаның себеп-салдарын ашып айтпады. Тергеушілер ата-аналар балаға көп көңіл бөлсе екен деп отыр. «8 қараша күні қыздардың жоғалғаны туралы ақпарат тіркелген бойда барлық камераларды қарадық. Сол күні қыздардың Белкөл кенті маңынан мемлекеттік нөмірі белгісіз көлікке отырғаны белгілі болды. Біздің мекемеден арнайы үш полиция қызметкері Шымкет қаласына жіберілді. Еріктілермен бірге қаланың барлық жерінен іздеп 16 қараша күні қала көшелерінде серуендеп жүрген жерінен тауып, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының директорына қолхатпен табыстадық. Балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардан баламен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың бос уақытында қастарынан табылуды сұраймыз» дейді қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Байғалым Ибраев.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<