Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев биылғы жылы атқарған жұмыстары жөнінде сұқбаттасқан едік.
− Марат Ердәулетұлы, аймақта балық шаруашылығын дамыту үшін қандай жобалар жүзеге асуда?
− Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде, облыста балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды. Балық аулау көлемі 20 есеге ұлғайды. Ол 400-ден 8 000 тоннаға дейін. Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 207 көл бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 181 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 27-і (Қызылорда-3, Арал-3, Қазалы-3, Жалағаш-3, Сырдария-2, Шиелі-11, Жаңақорған-2) резервтік қорда. Өткен жылы 7364 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 152 млн.теңге қаржы түсірілді. Ал биылғы жылдың 10 айында 6151,5 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 133.4 млн. теңге қаржы түсірілді.
− Балық экспорттау ісі қалай орындалуда?
− Өткен жылы 3911 тонна балық 10 шет елге экспортталды. Олар Ресей – 2927,5 тн, Польша – 275,4 тн, Литва – 145,9 тн, Нидерланды – 31,7 тн, Грузия – 246,7 тн, Германия –192,9 тн, Украина – 39,9 тн, Қырғызстан – 2,0 тн, Австрия – 28,8 тн, Әзірбайжан – 20 тн.Албиылғы жылдың 10 айында 3854,9 тонна балық 10 шет елге экспортталды. Ол Ресей – 2057,8 тн, Польша – 259,9 тн, Литва – 278 тн,Грузия – 350 тн, Германия –671,8 тн, Австрия – 43,1тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 50,7 тн, Чехия – 16,4 тн. Бүгінгі күні, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
Облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында, тауарлы балық өсіру жұмыстары күшейтілуде. 2017 жылдан 2021 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 713 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды. Өткен жылы көл-тауарлы балық көлемі 184 тоннаға жетсе, балық өсіретін шаруашылықтардың саны 39-ға жеткізілді.
− «Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» әзірленіп еді, қазір қандай жұмыстар істелуде?
− Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай, облыстың балық экспортын
2 есеге,тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланған. Нәтижесінде, облыста 16 шарбақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізіледі деп күтілуде. 2021 жылы облыстық бюджет 30,6 млн.теңге есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме әзірленді. Сонымен қатар, 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау жұмыстары жүргізілді.
− Биылғы он айда бағдарлама аясында қандай жұмыстар жасалды?
− Тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының санын 55–ке, тауарлы балық көлемін 409 тоннаға жеткізу, 140,5 млн. теңге инвестициялық субсидиялау көлемін игеру, облыс төңірегіндегі күріштік алқаптардан ҚР Қызыл кітабіна енген 10 мың дана Арал қаяз балығын құтқару шараларын ұйымдастыру жұмыстары орындалды. Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең – кезеңімен атқарылуда. Ағымдағы жылы, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 193,8 шақырым болатын 25 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 756,7 млн,теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 18 каналға тазалау жұмыстары аяқталды. Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыстық бюджеттен 23 дана насос қондырғысын сатып алынып, жеткізіліп берілді. Ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен жалпы ұзындығы 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру және бұрғылау жұмыстары жүргізілетін болса, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынатын болады. Бүгінгі күні 21 каналға тазалау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерге 114 дана насос қондырғылары жеткізілді.
− Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асуда?
− Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда. Қалдықтардың өңдеу (сұрыптау) үлесін арттыру: Жалпы облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. 2022 жылдың 6 айында 69 500 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 16 080 тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 23,1 % құрады.
− Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту:
− Облыс тұрғындарының 71,3 % тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Жалпы облыста 9030 дана контейнер, соныңішінде 874 дана құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Халыққа 221 дана арнайы техника қызмет көрсетеді. 2022 жылғы 10 наурызда «СНГ Строй» ЖК-і өз қаражаты есебінен Қызылорда қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларына 20 дана нан қалдықтарын тастайтын контейнерлер орнатып, нан қалдықтарын сұрыптап, төрт түлікке азық болатын жем өндіруде.
− Полигондар экологиялық және санитариялық талапқа сәйкес келе ме?
− Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.Соңғы 3 жылда облыста Қызылорда, Арал қалаларында жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының құрылысы жүргізілсе, 650 млн. теңге жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты. 2021 жылы 3 ауданда (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.
− Алдағы міндеттеріңіз қандай?
− Облыс аумағындағы полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру, жеке инвесторларды тарту арқылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, өңдеу мен кәдеге жарату инфрақұрылымын құру және тұрмыстыққаттықалдықтардыөңдеу мен кәдегежаратуүлесін 2025 жылғақарай 33,6 % ға арттыру міндеті көзделген. Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2022 жылы теңіздің құрғаған ұлтанында 250мың га фитоорман мелиорациялық жұмыстарын атқару көзделген. Оның ішінде, облыстың деңгейінде 95,4 мың гектарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі күні, 12 мың га жеріне сексеуіл көшеттері отырғызылды. Орманды молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 100 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда. Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 302 мың гектар жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, толық атқарылды. Нәтижесінде 40 953 га ауру ошақтары анықталды. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 690 орман билеті жеке және заңды тұлғаларға берілді. Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 237 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша
37 жағдайы анықталды.
− Орманды өрттен қорғай аламыз ба?
− Облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Ағымдағы жылы орманшаруашылығы мекемелеріне 2 дана өртсөндіру автокөлігін (Арал-1, Сырдария-1) сатыпалу үшін облыстық бюджеттен
115,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге 2 647 дана ескерту хаттар таратылып, 281 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
− Сұхбатыңызға рахмет!
Сурет: Қазалы сайтынан
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<