«Қоғамдық және жол қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін орнату» жобасы бойынша Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін Н.Назарбаев данғылы бойында (комплекс) «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысы 14 желтоқсаннан бастап қайта іске қосылды.
Аталған камера екі бағытта жылдамдықты түсіретін болады. Сонымен қатар нөмірлік белгілерді (төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын МТНБ-ны оқи отырып), машиналардың түсін, маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.
ЖҚЕ бұзушылықтары туралы ақпарат, сондай-ақ нақты уақыт режиміндегі бейне автоматты түрде деректерді өңдеу орталығына жіберіледі және айыппұл туралы ұйғарымдарды қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізіліміне (ЕАҚ) енгізіледі.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жол ержелерін бұзбауға және талапқа сәйкес белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырмайық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<