13-15 қазан аралығында Қазақстанда күн жылынады

723

0


Алдағы 13-15 қазан аралығында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді. Ал еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклон әсер етеді, оның ықпалымен кейде аздаған жауын-шашын жауады. Жалпы, республика бойынша ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<