Сурет: Mail.KZ сайтынан
Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында толассыз жауған нөсер салдарынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төрт күннен бері толастамаған жауынның салдарынан су тасқыны болды. Тұрғын үйлер қирап, тасжолдар жабылды. Елдің 1,5 млн-нан астам халқы бар ең үлкен қаласы Оклендте төтенше жағдай жарияланды. Метеорологтар аймақтағы ауа райының сейсенбіге дейін қолайсыз болатынын, су тасқыны қайталану қаупі бар екенін ескертті.
Жергілікті билік Жаңа Зеландияда жауын-шашынның жиілеп, қарқынды болуына себеп – климаттың өзгеруі екенін айтып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<