Қызылордада балаларға азғындық азаймай тұр

825

0

Сурет: sputnik.kz

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылдың қорытындысымен таныстырды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2022 жылдың 12 айында 62 адамға қатысты 42 қылмыстық іс түскен, оның ішінде 2 адамға қатысты 2 іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы. 17 адамға қатысты 10 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалған. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 79 адамға 13 іске азайған.

− Өткен жылы  ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс прокуратура органдарына қайтарылған. Барлығы 67 адамға қатысты 46 қылмыстық іс қаралып аяқталды. Оның ішінде  2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы, 61 адамға қатысты 42 қылмыстық іс үкім қабылдау арқылы қаралған. 3 адамға қатысты 2 қылмыстық іс ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес прокуратура органдарына қайтарылған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы аяқталған істер саны 13 іске азайған. Осы мерзімде 62 адамға қатысты 42 іске үкім қабылданған. Оның ішінде 1 адамға ақтау үкімі берілген. Есептік мерзімнің соңына 12 адамға қатысты 6 қылмыстық іс қалдыққа қалған. Сондай-ақ процессуалдық мерзімдері бұзылып қаралған істер болмаған, − деді         Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев.

Сотталушылар Н.Н.Орынбаевқа және Р.Н.Орынбайға қатысты қылмыстық ісі бойынша  Р.Н.Орынбай Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен тағылған айыптың бөлігінде кiнәсiз деп танылып толық  ақталған. Ал алқабилердің қатысуымен 2 қылмыстық іс  қаралған. 

Аталған соттың кеңсе басшысы Әлфараби Рашидұлы қоғамда резонанс тудырған істерді де айтып өтті. Қаңтар оқиғасынан соң бір адам бірнеше бап бойынша, 17 жылға бас бостандығынан айырылған.

− Жалған ақша жасағаны үшін 3 шет ел азаматына және 2 Қазақстан азаматына қатысты айыптау үкімі қабылданды. Қылмысты ұйымдастырушыға 12 жыл бас бостандығынан айыру, қалған қатысушыларға 9 жылдан жәнеде 1 азаматшыға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасы қолданды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша адам өлтіру фактісімен ағайынды екі азамат 10 жылға  бас бостандығынан айырылды, − деді Ә.Рашидұлы.

Қылмыстың өтеуі − жаза. Сотталған 61 адамның 54-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. Олардың 1 сотталушыға шартты, 2 сотталушыға бас бостандығынан шектеу, 2 сотталушыға айыппұл  жазасы қолданылыпты. Аса ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 41 адам сотталып барлығына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ауыр санаттағы қылмыстар жасағаны үшін 18 адам сотталып, 13 адамға бас бостандығынан айыру жазасы, 1 адамға шартты, 2 адамға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Сондай-ақ қылмыстық теріс қылық жасаған 2 адамға айыппұл жазасы тағайындалған. Аяқталған істер бойынша 52 жәбірленуші  болған. Сот төрағасының айтуынша, жас балаларға азғындық әркеттер азаймай тұр. Өндіріста қаралып жатқан істерде бар екен. Өткен жылы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  4- іс, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау бойынша 3-іс, жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша 1-іс қаралған. 

Жыл бойы сотта кәмелетке толмаған 14 жәбірленуші болған. Есептік мерзім ішінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 2 адамға қатысты 2  қылмыстық іс қаралған. Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 22 адамға қатысты 12 іс қаралып аяқталған. Сотталған 22 адамның 2-не айыппұл, 20 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер қаралмапты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

 «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<