14 мал ұрлығы дерегі ашылды

410

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірінші тоқсанға арналған нұсқауына сәйкес жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуге тапсырма берілді. Кестеге сәйкес мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында департамент бастығының бұйрығымен ағымдағы жылдың караша айының 28-30 күндері облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара бойынша департаменттің барлық қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспар бекітілді. Жедел-профилактикалық іс-шарасына жеке құрамның күш-құралдары жұмылдырылды.

Шара кезінде мал ұрлығының 14-дерегі ашылған «өткен жылдары» жасалған 2 қылмыс ашылды. Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде мал ұрлығымен тіркеліп, кейін малы далалық жерден табылуына байланысты 14 қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Ұрланған және жоғалған 20 бас мал табылып, иелеріне қолхатпен қайтарылды.

Сонымен қатар, барлық аудандар мен облыс орталығында мал және ет өнімін тасымалдау фактілерін анықтауға және ет өнімін сататын базарлар мен жайыл орындарды тексеру үшін мобильдік топтар құрылып, жұмыстар атқарылды.

Ұрланған және иесіз жүрген малды анықтау мақсатында, мал және ет өнімдерін тасымалдаған 410 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 166 орын, 100 фермерлік шаруашылық, шалғайдағы нүктелер тексерілді.

Мал ұрлығы қылмыстарын болдырмау, алдын алу, ашу бағытында жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<