14 сәуірде Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейеді

698

0

Сурет: pixabay

«Қазгидромет» 14 сәуірге Қазақстан аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелерде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз «Қазақстан Республикасында найзағай, тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі».«Қазгидромет» РМК

Бұған дейін синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазгидрометтің болжауынша, Алматыда бұршақ жауып, қатты жел соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<