22 ақпаннан бастап Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №30 қаулысымен енгізілген түзетулер күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады.
Осыған байланысты Қағидалардың 3-тармағына тұзетулер енгізілген оларға сәйкес он төрт жасқа толған ішкі көшіп-қонушыларға тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) ресімделеді.Сәйкесінше 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.
Енді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген Азаматтық кодекстің нормаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде баланың тұрғылықты жерін растау үшін олар балада тұрғылықты жері бойынша тіркеудің міндетті болуынекенін көздеген, ақпараттық жүйелерінен (ЖТ МДБ ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде) ата-аналарының біріне тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет алуы тиіс.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<