14 жасар теннисші ересектер арасында чемпион атанды

702

0

Фото: ашық дереккөз

Елордада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жасар теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.

Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте А. Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2.

14 жасар теннисші ересектер арасында чемпион атанды

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жасар спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен тізе бүктірген Тимур Хабибулин ие болды.

Жұптық сында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

Ерлер:

1. Артур Хайрутдинов – Максим Батютенко

2. Ілияс Маратұлы – Вячеслав Кауфельд

3. Тимур Хабибулин – Арысланбек Айтқұлов.

Әйелдер:

1. Ульяна Романова – Полина Слепцова

2. Мария Синицына – Карина Жұмажанова

3. Альбина Кәкенова – Айя Мырзақұлова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан қысқы чемпионатының финалистері анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Александр Бублик Францияда Марсель турнирінің жартылай финалына шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<