1601 оқушыға демеушілер көмек көрсетті

1018

0

«Мектепке жол» акциясы басталғаннан уақыттан бері облыс бойынша 1601 балаға жалпы құны 18 млн 953 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балаларға оқуға ең қажетті – мектеп және спорттық костюмдер, кроссовкалар, сөмкелер және кеңсе тауарлары берілген. Ең бастысы, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарындағы балаларды мектепке дайындауға ерекше көңіл бөлінді.

💬Бүгінде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Барлық білім беру мекемелерінде микроаудандар бойынша балаларды тіркеу, есепке алу шаралары ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге дейін басқарманын сенім телефонына 3 мыңнан астам ата-ана тарапынан «Мектепке жол» акциясы жөнінде түсіндірме беру жөнінде хабарлама түсті, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова.

Айта кетейік, аталған акцияға «Қызылдихан» ШҚ, «БАҚ» ШҚ, «Ақжарма» ШҚ, «Сейфуллин Жер» шаруа қожалықтары, «Жан-Рос», Мереке» ательесі, «Ақжүрек», «Ел Арай» компаниялары демеушілік танытып көмек көрсетті.

Алдағы уақытта АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» – 100 оқушыға оқу құралы, «Dalatex» ЖШС -400 балаға форма тігіп беру жоспарлауда. Сондай-ақ, қаламыздағы А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінің аумағында жергілікті тауарөндірушілердің қолынан шыққан мектеп формалары сатылуда. Бұл жәрменкелер 5 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<