17 қараша – халықаралық студенттер күні

604

0

Сурет Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық студенттер күні 1946 жылдың 17 қарашасынан бері атап өтіледі. Университет қабырғасындағы жылы естеліктер әр адамның жадында сақталары анық. Атаулы күні өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері келіп, жарқын жетістіктерімен бөлісті. Бүгінде жоғарғы оқу орнында студенттердің шығармашылық ортасын қалыптастыру мақсатында «Студенттік көктем», «Жайдарман» фестивальдері, «Университет аруы», дебаттық ойындар сынды шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл студенттердің шығармашылығын шыңдауға деген жақсы мүмкіндік.

Университет студенттері спорттық бәсекелерде де биіктен көрініп жүр. Биыл ЖОО арасындағы жазғы универсиадаға спорттың 16 түрінен 120 білім алушы қатысты. Жалпы командалық есепте университет спортшылары 9 орынды иеленіп, 37 медальді қоржынға салғаны сөзімізге дәлел.Жоғарғы оқу орнының стартап жобалар мен инновациялық технологияларды дамытуда да көші ілгері. Университеттің білім алушыларға беретін мүмкіндігі жастардың дамуына жол ашады. Бүгінде өңірімізде IT жобалар мен идеялар байқауына басымдық берілуде. Осындай байқауларда дараланып жүргендердің бірі университет студенті – Заманбек Жақсылықов.

Ол өз командасымен бірге бірнеше инновациялық жобаларға қатысып, біліктілігімен көрінді.- «Біз командамен бірге 29-30 қараша күндері Алматы қаласында өететін Enactus Kazakhstan Business Collaboration Forum 2023 республикалық форумына қатысамыз. Сонымен қатар желтоқсан айында өтетін InnoFest Qyzylorda 2023 инновациялық жобалар фестиваліне жоба ұсыну жоспарда бар,» – деді Заманбек Қайратұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<