Жыл басынан бері мекеме мамандары жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебіндегі 173 азаматқа әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетті. Оның 128-і пробация қызметінің есебінде тұрса, 45-і – жазасын толық өтеген азаматтар. Жалпы жұмыспен қамтылғаны – 52 адам, тұрақты жұмыспен 43, оның ішінде 27-сі квота бойынша, 9-ы ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған.
Жуырда Қызылорда қалалық прокуратурасы, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығы, қалалық пробация қызметі, қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен бірге Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара ұйымдастырды. Ләңгі тебу, гір көтеру және қол күрестен спорттық ойындар өтті. Жарыс қорытындысымен жүлдегерлер марапатталды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<