191 өрт оқиғасы тіркелген

153

0

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймағымызда 8340 нысан есепке алынған. Оның ішінде 2092 нысан жоғары, 362 нысан орта және 5886 нысан елеусіз дәрежесіне жатқызылған. Осы жылдың алты айында өрт қауіпсіздігі саласындағы 778 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арман Дастенов айтты.

– Жыл басынан бері облыс көлемінде 191 өрт оқиғасы орын алды. Өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға төмендеген. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тауып, бес азамат түрлі жарақат алған. Өрт оқиғаларын талдау барысында тұрғын үй секторында 106, автокөліктерде 47, орман қоры аумағында 10, әлеуметтік нысандарда 27, басқа да орындарда 1 өрт оқиғасы тіркелген. Департамент қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деді ол.

Мамандар өрт қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Бұл ретте құтқару қызметі көліктеріне көшелерде жол беру мәселесінің өзі де ескеретін жайт.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<