2 млрд теңге жымқырған: Астанада сот сарапта орталығының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

228

0

Сот-сараптама органдарына материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген. Алайда, 2023–2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын үш есе арттырған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.

Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ долларыжәне 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды.

3 тұлға қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.