20 миллионға жуықтадық

383

0

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңарған мәлімет ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 миллион 944 мың 726 адам болған.

Елімізде 12 368 662 адам – қалада, 7 576 064 адам ауылда тұрады.

Жыл басынан бері халық 177 мың адамға өссе, оның 172 мыңы – табиғи өсім есебінен (туғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 5,8 мың адам – көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлер арасында халқы ең көп Алматы қаласы – 2 205 929 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 135 537 адам, Алматы облысы – 1 522 182 адам, халық саны бойынша алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 402 002 адам, Жамбыл облысы бесінші орында, 1 221 619 адам.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<