20 мың студент хостел жағалап жүр

518

0

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде қанша студент хостелдерде тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жалпы, еліміз бойынша қауіпсіздігі, жайлылығы және басқалары сақталған шамамен 170 хостелмен, Алматыда 85 хостелмен келісімшарт жасалған. 20 мыңға жуық студент хостелдерде тұрып жатыр», – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.

Осы ретте Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасасқан хостелдерге ғана мониторинг жүргізілетіндігін жасырған жоқ.

«Дегенмен, студенттердің баспана таңдауына – пәтер жалдап, хостелдерде тұруына шектеу қоюға құқығымыз жоқ. Мұндай есеп жүргізу өте қиын, мүмкін емес десек те болады. Өйткені, жатақханадағы орыннан бас тартатын студенттер де бар», – деді ол.

Сонымен қатар ол қаза болған студенттердің ЖОО-мен келісімшарт жасаспаған хостелде не үшін тұрғандығына қатысты сауалға жауап берді.

«Қазіргі уақытта үкіметтік комиссия барлық себептері мен заң бұзушылыұқтарды анықтап жатыр. Солардың шешімін күтуміз қажет», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<