ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр имамдары мен жамағаты республикалық акцияға үн қосты.
Елордада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен басталған «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы бір мезетте барлық облыста ұйымдастырылып, республика көлемінде жалғасын тапты.
Игі бастама аясында облыста мәдени орындар мен аурухана, мешіттердің аулаларына 760 түп ағаш отырғызылса, республика бойынша 30 000 түп ағаш тамыр жаймақ. Жалпы есеппен 30 жылдық мерейтойға орай, ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері аймақта 2000-ға жуық көшет отырғызылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<