Баға
2016 жылдың желтоқсан айын 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі 108,4%,(ҚР-108,5%), құрады.
Азық-түлік тауарлары ішінде бағаның өсімі кондитерлік өнімдерге- 19,9%, қантқа -15,3%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне -11,4%,сүт,ірімшік және жұмыртқа 10,4%-ға байқалды.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде баға фармацевтикалық өнімдерге 13,4%, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық құралдар 8,7%-ға жоғарылады.
Ақылы қызмет көрсету тобында ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жүру бағасы 40%-ға, электрэнергиясы -12,7%, бөлінетін желілер бойынша тасымалданатын газ -5,1%, көлік қызметтері-24,6% көтерілді.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы облыс бойынша орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы 2016 жылдың желтоқсанында 19 802 теңгені құрады.
Облыстық статистика департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<