2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары туралы

627

0

Қызылорда облысы әкімдігінің

2019 жылғы 5 ақпандағы

№ 1321 қаулысы

 

2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің

бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. Қоса беріліп отырған:

1) 2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі
Іс-қимыл жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі
Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі –  Іс-шаралар жоспары) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауаптылар:

1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын;

2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының

                 әкімі                                                               Қ. Көшербаев

2019 жылға арналған

Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары

2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) мақсаттары, басымдықтары және міндеттері 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, 2018 жылғы
5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Қазақстан халқына үндеуіне, мемлекеттік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына, сонымен қатар, ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес айқындалды.

Осыған сәйкес облыс әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының негізгі
9 басымдықтары айқындалды:

жастар саясаты;

макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау;

экономика салаларын цифрландыру мен жобалық менеджмент аясында жобаларды жүзеге асыру;

қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету;

тарифтік саясат және бірінші кезектегі тауарларға бағаны тұрақтандыру;

адами капиталды дамыту (білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, этносаясат, қоғамдық тәртіп және басқалары);

мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және тікелей инвестицияларды тарту, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары арқылы;

көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау
(сол жағалауды дамыту және басқалары);

аймақтық даму (облыс пен Байқоңыр қаласының елді мекендерін дамыту).

Жастар саясаты

2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында
2019 жыл – Жастар жылы деп жариялауын жүзеге асыру мақсатында:

Жастар жылына арналған кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

NEET (жұмыс жасамайтын және оқымайтын жастардың үлесі) санатындағы жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасының шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

К.А.Тимирязев атындағы Ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде, Санкт-Петербургтік мемлекеттік технологиялық университетінің өсімдік полимерлері, Ресей Федерациясының Мәскеулік ұлттық зерттеу-технологиялық университетінде грант бойынша оқып жатқан алғашқы 153 қызылордалық түлектерді жұмысқа орналастыруын ұйымдастыру;

жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салты мәдениетін бойларына қалыптастыру, денсаулығын нығайтуда заманауи қадамдарды талқылау және озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясын ұйымдастыру;

халықаралық тренерлерді тарта отырып, жастар денсаулық орталығының мамандарын жасөспірімдердің өрбіту жасындағы денсаулығын қорғау мәселелері бойынша білімді жетілдіру курсын ұйымдастыру;

ұлттық жаттықтырушыларды тарта отырып, «Ата-аналық дағдыларды қалыптастыру» бағдарламасы бойынша 15 тренерлерді оқыту және қалыптастыруды ұйымдастыру;

денсаулықты қорғау мәселесі бойынша жастардың денсаулық орталығы волонтерлары үшін халықаралық тренерлерді тарта отырып мастер-класстар өткізуді  ұйымдастыру.

Халықаралық еріктілер күніне орай үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, «Салауатты ұрпақ – Ұлт саулығының кепілі!» ұранымен республикалық жастар денсаулық орталықтарының еріктілер слетін ұйымдастыру.

Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін:

«Қызылорда облысы бойынша 2021 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасы» бойынша өңірде салааралық ынтымақтастықты жалғастыруды ұйымдастыру.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысын аяқтау.

Облыс жастарының денсаулығын одан әрі нығайту мақсатында:

жастардың зиянды мінез-құлық факторлары мен салауатты өмір салты туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыруды қамтамасыз ету;

облыстық жастар денсаулығы орталығының базасында «Симуляциялық кабинет» ашу және қажетті муляждармен жабдықтауды қамтамасыз ету;

дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты аймақ» жобасы шеңберінде кең ауқымды ақпараттық кампанияларын өткізе отырып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер», «Салауатты университеттер», «Салауатты жұмыс орындары» жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Жастар арасында салауатты өмір салты дағдыларын үйрету және мінез-құлықтық тәуекел факторларының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді;

кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі және ішімдік сатудың алдын алу бойынша қоғамдық рейдтер жүргізуді;

мектеп асханаларында тәтті газдалған сусындар, фаст-фудтар және тағы сусындар сатылымын болдырмауға қоғамдық рейдтер жүргізуді жалғастыру.

Макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау

Макроэкономикалық тұрақтылықты сақтаудың негізгі міндеті мемлекеттік-жекешелік әріптестікті, инвестициялар мен инновацияларды әртараптандыру арқылы түпкілікті нәтижесі халықтың әл-ауқатын арттыратын, экономиканы жаңғырту арқылы бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру мен нығайту болып табылады.

Индустрияландыру

2019 жылы жоспарлануда:

Шиелі ауданында қуаттылығы жылына 500 мың тонна тампонажды цемент зауытының өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету;

Арал ауданындағы балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық шығару цехы бойынша зауытты іске қосуды қамтамасыз ету;

Қызылорда қаласында қуаттылығы 197 100 тонна/жылына табақша шыны шығару және өңдеу зауытын іске қосуды қамтамасыз ету;

шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі көрсеткішін 117,9 пайыз деңгейінде қол жеткізілуін қамтамасыз ету.

Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау;

Қызылорда қаласында тұзды өндіру, өңдеу мен байыту бойынша өндіріс кешенінің құрылысын бастау;

облыстағы индустриялық аймақтар орналасқан 5 жобаны іске қосуды бастау (шыны, молибден, күріш зауыттары, көкөніс қоймасы мен жылыжайлар).

«Арал сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауытының құрылысы» жобасы бойынша құрылыс мәселесін пысықтау;

Жаңақорған ауданындағы томат пастасын өндіру бойынша зауыттың құрылысы мәселесін пысықтау;

Қызылорда қаласында планшет, смартфон және күн панелдеріне арналған аса жұқа шыны өнімдерін шығару зауытының құрылысы мәселесін пысықтау.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы өңірлік инновациялар офисінің қызметін жандандыру.

Қармақшы ауданында қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын жалғастыру.

 «Бала-Сауысқандық кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасының аммони метованадаты өнімін экспорттау бойынша жұмысты жалғастыру;

Қызылорда облысының 2018-2019 жылдарға арналған мұнайгаз саласын дамыту бойынша Жол картасының жүзеге асыруын жалғастыру (ұңғымаларды бұрғылау, мұнай өндірудің инновациялық тәселдерін қолдану).

Индустрияландыру Картасына енген барлық жүзеге асырылған жобалардың «жобалық қуаттылығына» шығу бойынша шаралар қабылдау.

Экспортқа және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды Кәсіпкерлікті қолдау картасына және Индустрияландыру картасына енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Қазақстан тауарларының шетел нарығына өтуіне сауда тосқауылдарын жою мақсатында Экспорт саясаты бойынша кеңес жұмысын қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 2018 жыл деңгейінен 115,0 пайызға өсуін қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің өсімін 2018 жылға қарағанда
102,6 пайыздан төмен болмауын қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін 121,1 пайызға арттыруын қамтамасыз ету;

тамақ өнімдерін өңдіру көлемінің 124,1 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт көлемін 20 пайызға арттыруды қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген өңірлік бағдарламасының тұжырымдамасын жобалық басқару арқылы іске асыруды қамтамасыз ету.

Сұранысы жоғары экспортқа бағытталған күріш сорттарын өндіру бойынша шаралар қабылдау.

Егісті әртараптандыру мақсатында майлы және мал азықтық дақылдардың егіс көлемін көбейтуге ықпал жасау.

Қызылорда қаласында көлемі 2 гектар құрайтын «КазАгроМир» ЖШС-нің автоматтандырылған жылыжай кешенінің  үзіліссіз жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Сырдария ауданында «Шаған Агрофуд» ЖШС-нің, Жалағаш ауданында «Агролидер «Таң» ЖШС-нің, Жаңақорған ауданында «Бекарыс Агрофуд» ЖШС-нің базаларында мал сою алаңдары мен репродукторлық шаруашылықтарын құру жобаларын іске асыру.

Шиелі ауданында «Сыр агро» ЖШС-нің тауарлы сүт фермасының құрылысын аяқтауға ықпал жасау;

Қазалы ауданында «Рза» АҚ-ның тауар сүт фермасына асыл тұқымды аналық сүт бағытындағы сиырларды импорттауға ықпал жасау.

«Ақмая» шаруа қожалығының базасында «нүктелік егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» пилоттық жобаны жүзеге асыруды аяқтау және барлық шаруашылық құрылымдарда жобаны тәжірибе ретінде таратуды ұйымдастыру;

Қызылорда қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет комбинатының құрылысы жобасын жүзеге асыруды аяқтау;

Қармақшы ауданында «Қармақшы құс» ЖШС-нің құс фабрикасын салу мен Қызылорда қаласында «Самұрық құс» ЖШС құс фермасын кеңейту жобаларын іске асыруды аяқтау.

Экспортталатын агроөнеркәсіп кешені тауарларының түрін, әсіресе өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін арттыру бойынша шаралар қабылдау (күріш, балық, ет, бақша, көкөніс).

Өндірістік негізде суды үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы көкөніс және бақша дақылдарын өсіруді ұйымдастыру;

Шиелі ауданында 20 жылыжай құрылысын салуды ұйымдастыру;

«Сыбаға» бардарламасы аясында шет елдерден ет бағытында кем дегенде 1250 бас асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуға және шаруа қожалықтар арқылы осы бағдарлама аясында 60 мың бас қой сатып алуға «Қазагро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы институттарына сұраныс беруді ұйымдастыру;

қолда бар мүйізді ірі қара малы аналығының 62,9 пайызын, қойдың 34,5 пайызын тұқым түрлендіру жұмыстарына қатысуды ұйымдастыру;

балық, етті-сүтті және көкөніс өнімдерін өңдеуді дамыту үшін өңдеу кәсіпорындарын ашуды ұйымдастыру.

Жаңақорған ауданында тамшылатып суару әдісімен томат өсіру жобасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау бойынша жұмысты жалғастыру;

басым дақылдарды, тыңайтқыш және гербицидтердің құнын арзандату, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметінің құнын, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауды жалғастыру;

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып,  мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді  ауыл шаруашылық айналымына қайта енгізу шараларын  жалғастыру;

босалқы жер қорынан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

мелиоративтік жағдайды жақсарту және суармалы жер ауданын ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасы заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын барлық ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруға бақылауды күшейту.

Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау

  • Жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау;
  • Жастар жұмыссыздық деңгейін 4,4 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау;
  • 11602 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке қосалқы шарушылықта жұмыс істейтін азаматтардың Бірыңғай жиынтық төлемін төлеу бойынша шаралар қабылдау;
  • Қызылорда облысының 2019-2021 жылдарға арналған Әлеуметтік картасын әзірлеу.
  • Жаңа бизнес идеяларға 820 грант берілуін ұйымдастыру.
  • Әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету;
  • Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • модернизациялау нәтижесінде қызметкерлер санының өзгеруі мүмкін облыстың ірі кәсіпорындарындағы қызметкерлерінің ағынын басқару Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • Қызылорда облысындағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • мекемелер мен кәсіпорындарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • аймақ кәсіпорындарында еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу.
  • Мүдделі органдармен бірлесе отырып еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақтылы төленбеуіне жедел әрекет ету.
  • Облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың жасалуын және орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.

Кем дегенде 10 мың тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал жасауды жалғастыру;

бос орындарға ай сайын жәрмеңкелер өткізуді жалғастыру;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру;

Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, экономикаға және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту» Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақының уақтылы және толыққанды төленуін жалғастыру;

студенттерге төленетін әлеуметтік көмек бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру (облыс әкімінің гранты);

мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін елді мекендерде «кедергісіз ортаны» құру бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру;  

жалақысы аз төленетін жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша ірі кәсіпорындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі меморандумдарға қол қою және орындалуы бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Экономика салаларын цифрландыру мен жобалық менеджмент аясында жобаларды жүзеге асыру

Цифрлық технологияларды дамыту мақсатында, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін:

электрондық түрде алынған қызметтердің үлесін 45 пайызға дейін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді қамтамасыз ету;

тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейін 80 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ету;

білім беру саласына жұмысқа орналастырудың электрондық жүйесін ендіруді қамтамасыз ету;

объектілерді тану функциясымен бейнекамералар және жол қозғалысы ережелерін тіркеудің автоматтандырылған құралдары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

«Бірыңғай 112 кезекші-диспетчерлік қызметін» облыс аудандарында ендіруді қамтамасыз ету.

Тегін тасымалдауды ұсыну, лагерьлерде демалу үшін жолдама беру, проактивті негізде жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау мен тегін тамақтануды ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ендіруді қамтамасыз ету;

тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасын енгізуді қамтамасыз ету;

Жобалық басқару аясында орталық мемлекеттік органдардың салалық және тікелей бағыттары бойынша аймақ бастамаларының жүзеге асырылуы мен нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу туралы тоқсандық есептерін уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету.

Жобалық басқару аясында «Өңдеу өнеркәсібі мен таукен секторының жеке салаларын базалық индустрияландыру», «Экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсету», «Жылу-энергетикалық кешенді дамыту» жобасы бойынша, жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бекітілген орталық мемлекеттік органдардың салалық және тікелей бағыттары аясындағы денсаулық сақтау саласында аймақтан ұсынылған бастамалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарды қолдау аясында тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуларды жариялау барысында уәкілетті органдармен анықтаған бұзушылықтарды барынша азайту мақсатында құқық бұзушылықтар Тізілімі бағдарламасының деректер базасын кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету;

Облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, цифрлы мобильді құрылғыларды пайдалану, денсаулықтың электронды төлқұжатын енгізу, «қағазсыз ауруханаға» өту бойынша жұмыстарды жандандыруды жалғастыру;

бүкіл облыстағы медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің патронажды қызмет көрсетудің жалпы прогрессивті үлгісін енгізуді жалғастыру.

«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды ұйымдастыру.

Қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету

Кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйверіне айналатын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар жалғасын табады. Осы орайда 2019 жылы:

жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, микро, шағын және орта бизнес субъектілерін кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға тартуды қамтамасыз ету;

жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдық даму кезеңіне кешенді Жол картасын әзірлеу және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік бағдарламалар аясында көзделген шағын несиелендіру құралдарын пайдалана отырып, ауылдар мен қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе, кәсібін бастайтындар үшін шағын несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «КазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының қаржы институттарымен және басқа да кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы институттарымен қарым-қатынас тәжірибесін жалғастыру;

жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жылжыту, инвесторлар мен әріптестер іздеу мақсатында ел аймақтарында Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің Road Show (көшпелі таныстырылуын) өткізу.

Жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды қамтамасыз ету;

түрлі жеке кәсіпорындар мен мекемелер жетекшілерімен іс-шаралар (кездесулер, брифингілер, сұхбат) ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

әрбір ауылдық округтегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау бизнес» компоненті бойынша оқыту.

Жас кәсіпкерлер арасында түрлі іс-шаралар өткізу (бизнес-стартаптар, конкурстар және тағы басқалары).

Жергілікті атқарушы органдардың, бизнес – қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді тұрақты талқылауды ұйымдастыру.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру.

Бизнесті жүргізудің шарттарын жақсарту мақсатында «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуді жалғастыру.

Ішкі туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында Дүниежүзілік туризм күніне арналған облыстық туристік фестиваль ұйымдастыру.

Аймақта балалар-жасөспірім туризмін дамыту мақсатында «Өз еліңді таны» акциясы аясында «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық туристік слетін ұйымдастыру.

«Қазалы құм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «БИС-КZ-Қиыршық тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мұхтар Н.К. – 2009» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алтын қамба» сауда-логистикалық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мыңбұлақ Dolomit Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысандарын жекешелендіруді қамтамасыз ету.

Тарифтік саясат және бірінші кезектегі тауарларға бағаны тұрақтандыру

Баға тұрақтылығын сақтау мақсатында табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу, коммуналды қызметтерге тарифтерді көтеруді белгіленген инфляция коридоры шеңберінде жүргізу.

Аймақтың агроөнеркәсіп кешенімен өндірілген өнімдерді сату жүйесін қалыптастыру мақсатында «Агробиржа» электрондық сауда алаңы арқылы тауар өндірушілер өнімдерін жариялауды ұйымдастыру, сайтты толықтыру, мобильді қосымшаны жетілдіру.

Бөлшек саудадағы азық-түлік емес тауарлар мен жанар жағар май бағаларына күн сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және заңдылықпен көзделген барлық шараларды пайдалана отырып бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қою.

Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруды және олардың әлеуметтік дүкендері мен басқа да сауда орындары арқылы сатылуын жалғастыру;

облыс орталығында заманауи форматтағы сауда нысандарын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдау.

Әлеуметтік-маңыздағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шараларға қатысатын сауда субъектілерін қаржыландыру механизімін қолдануды жалғастыру.

Адами капиталды дамыту

(білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, этносаясат, қоғамдық тәртіп және басқалары)

Білім

Білім адами капиталдың ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Білім жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру айқындаушы басымдық болуы қажет, әсіресе өзіндік білім беру дағдысын дамыту, мектепке дейінгі білім беруде балаларды әлеуметтік дамыту, мұғалімдерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру. Осы орайда
2019 жылы:

2019 жылдың 1-ші қыркүйегіне мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын
100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету;

«Смарт Сити» тұжырымдамасы аясында «Білім беру» бағыты бойынша функционал деңгейін кем дегенде 70 пайызға арттыруды қамтамасыз ету;

бірінші сыныпқа балалар қабылдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу.

Орта білім берудің жаңа мазмұнына өту шеңберінде мемлекеттік мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жұмыстарын жалғастыру;

қатысушылардың ақпараттық біліктілігін дамыту мақсатында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңжолақты интернетті енгізуді, мектептерді бейне жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, «Smart city» тұжырымдамасына сәйкес білім беру функциясы және технологиялар арасында өзара байланысты қолдануды жалғастыру;

«Robo Fest-2019» балалар фестивалін өткізуді жалғастыру;

Орта мектептер, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының үздік мұғалімдерінің бейне-сабақ және бейне-лекцияларын ғаламтор желісіне орналастыру жұмыстарын жалғастыру;

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кезең-кезеңімен ағылшын тілі пәніне көшу жұмыстарын жалғастыру;

категориялардың ара жігін ұлғайта отырып мұғалімдердің еңбек ақысын 30-дан 50 пайызға дейін арттыратын ұлттық біліктілік тестісі негізінде мұғалімдер үшін біліктілік деңгейі және өсімін ескеретін педагогикалық біліктілік санатының жаңа жүйесі бойынша үлесін арттыру жұмыстарын жалғастыру;

оқушылар сарайлары базасында барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарк және бизнес-инкубаторлар желісін құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «WorldSkills Qazaqhstan» чемпионатына аймақтық іріктеу турнирін өткізу жұмыстарын жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды білім беруді ендіру жұмыстарын жалғастыру;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульді білім беру жұмыстарын жалғастыру;

«Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орындық балабақшаның құрылысын салу және пайдалануға беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру;

«Қызылорда қаласының «Арай» шағын ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысын салу және пайдалануға беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру;

Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын 150 орындық лагерь құрылысын жалғастыру;

Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі №231 орта мектеп ғимаратына 100 орындық қосымша құрылыс салуды жалғастыру.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша, оның ішінде бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттық біліктілік тестін ендіру, тәрбиешілердің және мектепке дейінгі ұйымдардың басқалай жұмыскерлерінің еңбек ақы жүйесін қайта қарау шараларын көздейтін Жол картасын әзірлеу және бекіту.

Білім берудің барлық деңгейінде математикалық және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту бойынша іс шаралар жүргізу.

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуге және қоғамдық санасын қалыптастыруға ықпал ететін іс шаралар өткізу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оларды
2019 жылдың аймақтық жоспарына енгізу.

Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесі бойында 600 орындық мектеп құрылысын аяқтау.

Денсаулық сақтау

Денсаулық адамның физикалық және танылым дағдысын дамыту үшін қажет. Осы орайда азаматтардың денсаулығын одан әрі жақсарту мақсатында:

Жаңақорған ауданының Нәлібаев елді мекенінде 1 фельдшерлік акушерлік бекеті ғимаратын сатып алуды;

5 медициналық бекет ғимараттарын сатып алуды, оның ішінде: Арал ауданының Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінде – 3, Жаңақорған ауданының Талап стансасында және Қандықұдық елді мекенінде – 2;

кем дегенде 600 дәрігерді, 1877 орта буын медицина қызметкерлерін біліктілігін арттыруға жіберуді;

ана өлім-жітімі нысаналы индикаторын 2 пайызға, сәби өлім-жітімі көрсеткішін
2 пайызға, қан айналым жүйесі аурушаңдығы көрсеткішін 117,87-ге дейін, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішін 52,3-ке дейін, жалпы өлім-жітім көрсеткішін 5,61-ге дейін және қатерлі ісік аурушаңдығы көрсеткішін 0,1 пайызға дейін төмендетуді қамтамасыз ету.

Барлық факторлар бойынша өлім-жітімнің төмендеуі арқылы өмір сүру ұзақтығын 72,8 жасқа дейін арттыруды қамтамасыз ету.

Қан айналым жүйесі аурушаңдығы профилактикасы жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Аурушаңдықты басқару бағдарламасына қатысатын диспансерлік есептегі пациенттерді 20 пайызға жеткізуді ұйымдастыру.

Шиелі ауданының Шиелі қыстағында 150 орынға арналған аудандық аурухана құрылысын аяқтау.

Жалағаш ауданында 100 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын бастау.

Қазалы ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысы мәселесін пысықтау.

Спорт

Спорт адами капиталды жақсартудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Осыған орай, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысумен қамтуды 29 пайызға дейін жеткізу.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтырудың спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-18 жастағы балалармен жасөспірімдерді жалпы балалар мен жасөспірімдер санынан қамтуды 15 пайызға дейін жеткізу.

«Жалаңтөс Бахадүр Сейітқұлұлы атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.

Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау.

Мәдениет

Мәдениет халықтың тарихи естелігі, адам тіршілігінің өзіндік тәсілі және адамның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танудың универсалды тәсілі болып табылады.

Осы орайда 2019 жылы:

Босния-Герцеговина мемлекетінде өтетін классикалық камералық оркестрлердің халықаралық фестиваліне қатысуды қамтамасыз ету;

«Евразия кубогі» бал биінің халықаралық турнирін өткізу.

Қазақстанның халық жазушысы Ә. Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдыз шашқан жырлар» атты поэзия кешін;

«Парасатты поэзия» халықаралық фестивалін;

«Аға ұрпақ өнері-жастарға аманат» атты суретшілердің республикалық симпозиумын;

«Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық музыкалық өнер фестивалін ұйымдастыру.

Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Қыш қала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыру;

Шиелі ауданының Тартоғай елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылысын аяқтау.

Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйі құрылысын жалғастыру;

Арал ауданының Шижаға елді мекенінде 100 орындық ауылдық клуб құрылысын жалғастыру.

Этносаясат

Этносаясат саласында басымды бағыт болып азаматтық принципке, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актіде, «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақалаларының құндылықтарына негізделген қазақстандық біртұтастық пен бірлікті нығайту мен дамыту айқындалды.

Осыған орай, 2019 жылы:

«Сыр елі – достық мекені» атты этностардың мәдени күндері жобасы аясында
іс-шаралар өткізу;

облыстың елді мекендерінде және аудан орталықтарында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобының кешенді іс – шараларын өткізу;

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Ұлы дала Елі тарихы» тарихи-танымдық экспедициясын өткізу;

«Туған жер» кіші бағдарламасы аясында қайырымдылар мен меценаттардың
ІІІ облыстық форумын өткізу;

«Мың бала» мәдени- ағарту республикалық жобасының аймақтық кезеңін өткізу;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар конкурсын өткізу;

«Қазақтану» жобасы аясында іс-шаралар өткізу;

«Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Медиа жоспарға» сәйкес қолданыстағы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудың құралдары мен тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең көлемде өткізу.

Үштілділікті ілгерілету бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізу, оқыту курстарын ұйымдастыру, іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты қазақстан халқына жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды ұйымдастыру.

Қоғамдық тәртіп

Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу-жаттығу полигонының құрылысын аяқтау.

Қоғамдық орындар мен көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орын алатын қылмыстарға үнемі мониторинг жүргізу, қылмыстардың ең көп орын алатын аймақтарына күзет сандарын барынша бөлу, шолу жұмыстарын жүргізу.

10 мың халыққа шаққанда қылмыстылық деңгейін 130 бірліктен асырмауды қамтамасыз ету.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер арасында жол жүру ережесін бұзудың алдын алу.

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын 18,5 бірлікке дейін төмендету.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және тікелей инвестицияларды,

оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдары арқылы тарту

Инвестициялар және жаңа технологиялар тарту мақсатында IV халықаралық интернет-форумын, XI халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумын, сонымен қатар іс-шаралар роуд-шоуын (шетел, Қазақстан Республикасының аймақтарына және тағы басқаларына) өткізу.

Қызылорда облысында инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша Кеңес отырыстарын өткізу.

Басымды салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға заңнамалармен көзделген инвестициялық преференциялар мен басқа да өнеркәсіптік жеңілдіктерді алуға ықпал етуді жалғастыру.

Қызылорда облысында өнеркәсіпті цифрландыру бойынша Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыру.

«Қызылорда қаласы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы» жобасына инвестициялар тарту жұмыстарын жалғастыру.

«Қаржылық тұрақтылық» жобалық басқару аясында бекітілген егжей-тегжейлі Жоспарға сәйкес жоспарланған инвестиция көлемін игеруді және нысандарды іске қосуды үйлестіруді ұйымдастыру.

Негізгі капиталға тартылған бюджеттен тыс қаржылардың номиналды өсімі көрсеткішін 105,5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету.

2019 жылға арналған Инвестициялар тарту бойынша жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Еуропалық Қайта Жаңғырту және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында:

Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аумақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту;

Қызылорда қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды жалғастыру.

Мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту шеңберінде:

15 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жалғастыру;

Қызылорда облысының медициналық мекемелерін медициналық техникамен кешенді жабдықтау бойынша 4 жобаны жүзеге асыруды және «Қызылорда облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны базасында «Check-up» орталығын медициналық техникамен жабдықтай отырып ашуды жалғастыру;

«Қызылорда облысының халқына стоматологиялық көмек көрсетуді жетілдіру» жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуді жалғастыру;

«Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім шарт жасауды қамтамасыз ету;

«Шиелі ауданы Керделі ауылдық округінде спорттық кешенді жалға беру» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім шарт жасауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы:

«Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №47, №48, №244 орта мектептері мен «Арман» мәдениет үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобасын;

«Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №127, №219, №270, №47 орта мектептері мен оқушылар үйінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобасын;

«Арал қаласындағы №62, №220 орта мектептерінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобасын;

«Арал қаласындағы мәдениет үйі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық актілерді тіркеу бөлімі ғимаратының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету» жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау

(сол жағалауды дамыту және басқалары)

Көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялаудың басты мақсаты аймақ халқының қызметтердің уақытылы және сапалы ұсынылуына бірдей қол жеткізілуін, сонымен қатар инженерлік және көліктік қамтуды арттыруды қамтамасыз ету.

Сумен жабдықтау

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейтуді;

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі тұрғын үйлерді су құбыры желілеріне қосу құрылысын;

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев елді мекеніндегі тұтынушылар телімдерінің шекарасына су құбыры желелері құрылысын;

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды;

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды;

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды;

«Қызылорда облысы Қосшынырау ауылдық округі Досан елді мекенінде ауыз су желілері» жобасын;

«Қызылорда облысы Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе елді мекенінде ауыз су желілері» жобасын;

«Қызылорда облысы Наурыз кентінде ауыз су желілері» жобасын аяқтау.

«Қызылорда облысы Наурыз елді мекеніндегі су бекеті құрылысы» жобасын жүзеге асыру;

«Қызылорда облысы Тасбөгет кенті Сабалақ елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелері құрылысы» жобасын жүзеге асыру;

«Қызылорда облысы Белкөл кенті Бірқазан елді мекеніндегі су бекеті құрылысы» жобасын аяқтау.

Қызылорда қаласындағы «Мұнайшы» су бекетінен Қорқыт ата көшесіне дейінгі су құбыры желілері құрылысын қамтамасыз ету.

Қызылорда қаласының Есенова көшесіндегі №17, 17а, 18, 19, 19а, 20, 20а тұрғын үйлерінен бастап Абай проспектісі бойындағы №28, 28а, 30, 30, 34, 36 үйлері, №198 орта мектебі, «Бабас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, балабақша ғимараттары, Мұратбаев көшесіндегі №17, 15, 15а, 13 тұрғын үйлерді қоса №14 кәріздік насостық стансаға дейін өзі ағар кәріздік желілерді қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелері және басты су бекеті құрылысын бастау.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы М. Шоқай (Сұлутөбе) елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелері және басты су бекеті құрылысын бастау.

Шиелі ауданы Ботабай елді мекеніндегі ішкі су құбыры желілері құрылысын қамтамасыз ету.

Шиелі ауданы 1 май елді мекеніндегі ішкі су құбыры желілері құрылысын қамтамасыз ету.

Қызылорда қаласының кәріздік насостық стансаларын қайта жаңғыртуды және модернизациялауды бастау.

Жылумен жабдықтау

Қармақшы ауданы Ақжар елді мекеніндегі №28 мектептің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қармақшы ауданы Тұрмағанбет елді мекеніндегі №29 мектептің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №27 мектептің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №105 мектептің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №85 мектептің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету.

Қызылорда қаласындағы денсаулық және демалыс паркін абаттандыруды жалғастыру.

Электрмен жабдықтау

«Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.

Иесіз электрэнергетика насындарын коммуналдық меншікке беру жұмыстарын жалғастыру.

«Қызылорда қаласындағы ҚС-35/10 кВ «Комсомол, Залинейная» және «Промышленная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының жоба-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды қамтамасыз ету.

«Қызылорда қаласындағы ҚС 35/10 кВ «Қалалық сүт зауыты» және «Силикатная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының жоба-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды қамтамасыз ету.

«Жылыжай кешенінің құрылысы» 2,157 гектарлы Қызылорда қаласында Испанияның технологиялық жабдықтары тікелей қадағалауымен құрылуы» жобасы бойынша электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтауды аяқтау (1 кезең 35 кВ).

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғыртуды бастау.

Газбен жабдықтау

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы газ тарату желілері құрылысын аяқтау (1 кезең – 2-ші газ тарату қосалқы стансасын орната отырып 1-ші автоматтандырылған газ тарату стансасынан 1,2 мегапаскаль жоғары қысымдағы газ құбыры).

Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орната отырып «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысын аяқтау.

«Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі индустриалды аймақты газдандыру құрылысы» жобасын аяқтау.

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі газ жеткізу құбырлары мен кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысын бастау.

Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі газ жеткізу құбырлары мен кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысын бастау.

Арал ауданы Жақсықылыш кентіндегі газ жеткізу құбырлары мен кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысын бастау.

«Қазалы ауданының Қазалы қаласын газдандыру» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.

Көлік және жолдар

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 64 пайызға жеткізу.

Қала ішілік маршруттарға арналған электрондық билет жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.

автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді ұлғайту бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жұмыс жүргізу.

Қазалы ауданының «Қазалы-Қоларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 шақырымындағы Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар Мұратбаев көшесі бойындағы  бұрыннан бар көпірден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасына дейін магистралды көше жолдарының құрылысын жалғастыру;

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қорғаныс бөгетінің жанындағы ұзындығы 7,5 шақырым қозғалысы реттелетін (ІІ категориялы) жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшенің жол құрылысын салуды жалғастыру;

Жалағаш ауданындағы 0-27 шақырым облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» автомобиль жолын орташа жөндеуді жалғастыру;

Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қожабақы-Бекарыстан би» автомобиль жолының 25 шақырымындағы темірбетонды  көпірді қайта жаңғыртуды жалғастыру;

Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» 0-33 шақырым автомобиль жолына  орташа жөндеуді жалғастыру;

Қызылорда облысы аумағында жол бойындағы сервис және автотуризм саласындағы көрсетілетін қызмет сапасы мен санын арттыру мақсатында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралының бойындағы жол бойы сервистік кешендерін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

Жаңақорған ауданындағы 0-20 шақырым облыстық маңызы бар «Қандөз-Көктөбе» автомобиль жолын күрделі жөндеуді жалғастыру;

Жаңақорған ауданындағы 0-27 шақырым облыстық маңызы бар «Келінтөбе-Қандөз» автомобиль жолын күрделі жөндеуді жалғастыру;

Арал ауданындағы 1,2 шақырым аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Бекбауыл» автомобиль жолын орташа жөндеуді жалғастыру;

Қазалы ауданындағы (45-76 шақырым) аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолына күрделі жөндеуді жалғастыру.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «Шіркейлі» арнасы арқылы көпір құрылысын аяқтау;

Арал ауданындағы 15-42,8, 42,8-70,6 шақырым аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолында орташа жөндеуді аяқтау;

Жаңақорған ауданындағы 11 шақырым «Самара-Шымкент-Шалқия» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау;

Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентінің көшелерін күрделі жөндеуді (Батыршаев, Сырдария, Бакшиев көшелері) аяқтау;

Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде Жетес би көшесін орташа жөндеуді аяқтау;

Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде Мағзаман әулие көшесін орташа жөндеуді аяқтау;

Жалағаш ауданындағы Жалағаш кентінде Нысанбай жырау көшесін орташа жөндеуді аяқтау;

Жалағаш ауданындағы Жалағаш кентінде Абай көшесін орташа жөндеуді аяқтау;

Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде Бұқарбай батыр көшесін орташа жөндеуін аяқтау;

Қызылорда қаласындағы Қазыбек би көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін Тоқмағамбетов көшесін орташа жөндеуді аяқтау.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы басты көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасына түйісетін жеріне жол айырығы құрылысын бастау;

Жалағаш ауданында «Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолындағы оңтүстік коллекторде көпірді қайта жаңғыртуды бастау;

Арал ауданындағы 70,6-98,4 шақырым аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автомобиль жолын орташа жөндеуді бастау;

Арал ауданындағы 4,9 шақырым аудандық маңызы бар «Ақлақ-Қаратерең» автомобиль жолын орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы 0-2,68 шақырым «Самара-Шымкент-Байқожа» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы 0-5 шақырым аудандық маңызы бар «Қазалы қаласындағы айналма жол» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы 0-7 шақырым аудандық маңызы бар «Әйтеке би Басықара-Водокачка» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы 0-4 шақырым аудандық маңызы бар «Әйтеке би кенті-Қазалы қаласы-Шағала» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Әйтеке би кентіне кіре беріс жол» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қазалы ауданындағы 0-6 шақырым аудандық маңызы бар «Әйтеке би кенті айналма жолы» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Сырдария ауданындағы 0-8, 13,5-18 шақырым «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолына күрделі жөндеуді бастау;

Сырдария ауданындағы 6 шақырым «Бесарық елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолына күрделі жөндеуді бастау;

Шиелі ауданындағы 2,6 шақырым аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Шиелі ауданындағы 10-17,6 шақырым облыстық маңызы бар «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» автомобиль жолына орташа жөндеуді бастау;

Қызылорда қаласындағы Махамбет елді мекеніндегі 10 көшеге орташа жөндеуді бастау;

Қызылорда қаласындағы теміржол тұйығы құрылысын аяқтау.

Тұрғын үй құрылысы

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында жалға берілетін, несиеге берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша жұмыстарды жалғастыру;

Қызылорда облысының халқын колжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасының іске асырылуын қамтамасыз ету;

барлық көздер есебінен кем дегенде 720,8 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз ету.

Аймақтық даму

(облыс пен Байқоңыр қаласының елді мекендерін дамыту)

Байқоңыр қаласы, сондай-ақ облыстың елді мекендері өңірдің аймақтық дамуының басымдықтары болып қала береді. Осыған байланысты 2019 жылы «Байқоңыр» ерекше еркін экономикалық аймақ құру бойынша мәселені пысықтау қажет.

Байқоңыр қаласында тұрғын үй құрылыстарын салуды жалғастыру;

Байқоңыр қаласындағы су және кәріз жүйелерін жаңғыртуды және қайта жаңғыртуды жалғастыру;

Байқоңыр қаласында медициналық қызмет көрсету жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысын салу және сыртқы инженерлік желілерді жеткізуді жалғастыру;

Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиоративтік жұмыстар жүргізуді жалғастыру;

елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы нысандарын тазалау және жөндеу жұмыстарын жалғастыру;

тасқын суларды сақтау, жинақтау және тарату мақсатында Қызылорда облысында жаңа су қоймаларды салу бойынша жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру;

тауарлы балық шаруашылығын (аквакультура) дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Арал өңірінің тұрақты дамуы «Арал 2019» ІІ Халықаралық форумын өткізу.

2019-2021 жылдарға арналған тіректі елді мекендерді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру;

2019-2021 жылдарға арналған Төретам кенті мен Ақай ауылдық округін озық дамытудың Жол картасын жүзеге асыру.

2019 жылға арналған  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы Меморандумның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының негізгі индикаторларының орындалуының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ауыл әйелдерінің ІІ облыстық форумын өткізу.

Арал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру үшін полигон салуды бастау.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес  облыстық жобалық кеңсе аясында «Қызылорда облысының табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесін енгізу» жобасын жүзеге асыру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<