2019 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

357

0

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу Қағидасының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қызылорда облысының

                әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы __ наурыздағы
 № _________қаулысына
қосымша

2019 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы

2019 жылғы

1 тоқсан

2019 жылғы
 2 тоқсан

2019 жылғы

3 тоқсан

2019 жылғы 4 тоқсан

1

Бірінші сортты бидай ұны, кг

120

123

121

122

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), кг

115

117

123

116

3

Рожки (өлшеніп салынатын), кг

227

231

227

225

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), кг

213

243

231

221

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), кг

221

220

225

220

6

Картоп, кг

98

108

63

97

7

Асханалық сәбіз, кг

94

104

84

81

8

Басты пияз, кг

70

77

55

54

9

Ақ қауданды қырыққабат, кг

92

89

77

84

10

Ақ қант – құмшекер, кг

239

253

243

228

11

Күнбағыс майы, литр

408

396

402

409

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), кг

1493

1477

1485

1480

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), кг

737

740

753

770

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, литр

254

247

255

250

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ), кг

1977

1910

1917

2030

17

Тауық жұмыртқасы
(І санатты), 10 дана

224

181

266

318

18

Ас тұзы («Экстра»-дан басқа), кг

44

46

44

44

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%, кг

1877

1773

1803

1799

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<