2020 жылдың соңына дейін Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады

771

0

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы «ақша-кредит саясатына жаңаша қарау» міндетін айтып өтті. «Қазіргі уақытта Ұлттық банк ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеп жатыр. Ол ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға кедергі келтіретін жүйелік проблемаларды жоюға ықпал етеді. Теңгеге және жүргізіліп отырған саясатқа деген сенімді арттырады, сондай-ақ тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыруға ықпал ететін болады»,– деді Ақылжан Баймағамбетов. Валюта нарығының тиімділігін арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп елге валюталық түсімді қайтарудың қосымша шаралары пысықталады және экспорттаушылардың оны іске асыруы үшін қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қоса, Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық банк жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылуы керек. «Бұл органның басты міндеті – базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері жөнінде шешім қабылдау. Орта мерзімді перспективада оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді»,– деп толықтырды ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<