2023 жылғы 5 қарашада өткен Қызылорда облысы Сырдария, Шиелі аудандары әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

521

0

2023 жылғы 5 қарашада Қызылорда облысы Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 72503 азамат енгізілді. Дауыс беруге 53866 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 718 азамат қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 6.

Сырдария, Шиелі аудандары әкімдері сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Сырдария ауданы бойынша:

Бакиров Ерлан Амирханович үшін сайлаушылардың 1319 дауысы берілді;

Қарсақбаев Бауыржан Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 1176 дауысы берілді;

Сарменбаев Берик Абдугаппарович үшін сайлаушылардың 13386 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.

Шиелі ауданы бойынша:

Ахатов Нуржан Сабитович үшін сайлаушылардың 32637 дауысы берілді;

Есмаханов Алмасбек Абилкасимович үшін сайлаушылардың 3143 дауысы берілді;

Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы үшін сайлаушылардың 2083 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.

Сайлау қорытындыларымен Сырдария, Шиелі аудандарының әкімдері болып:

 Сырдария ауданы бойынша Сарменбаев Берик Абдугаппарович сайланды, 1963 жылы туған, Сырдария ауданының әкімі, Сырдария ауданында тұрады;

Шиелі ауданы бойынша Ахатов Нуржан Сабитович сайланды, 1978 жылы туған, Шиелі ауданының әкімі, Шиелі ауданында тұрады.

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

*сурет ашық дереккөзден

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<