2024 жылғы Олимпиадаға Қазақстан 100 лицензия алуды жоспарлап отыр

778

0

Фото: Julien Mattia/NurPhoto/Getty Images

Қазақстан 2024 жылғы Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Atameken Busines-ке берген сұхбатында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство басшысының мәліметінше, 160 қазақстандық атлеттің Парижге жолдама алу әлеуеті бар. Айтуынша, Токио Олимпиадасындағы тәжірибе зерделенген, онда спортшыларымыз 8 қола медаль алған болатын. Онымен қоса, министрлік биыл спортты дамытуға 50 млрд теңге бөлді.

«Біздің міндет Ұлттық Олимпиада комитетімен, бапкерлер штабымен бірлесіп, спортшы өз стартына дайын болу үшін барлық қажетті жағдайды жасау. Бұл ойынға жоспарымыз асқақ, еліміз Әнұраны Парижде шырқалуы үшін қолдан келгеннің барын жасаймыз», – деді Асхат Оралов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<