2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңге болады

380

0

Фото: ашық дереккөз

2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.

«Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады. Шығыстардың өсуіне келесі факторлар әсер етеді. Бірінші, инфляцияның орташа деңгейіне әлеуметтік төлемдерді индекстеу: базалық зейнетақы мен жәрдемақыны 6,5 пайызға, ортақ зейнетақыны инфляцияның орташа деңгейінен 2 пайызға асыра отырып, 8,5 пайызға индекстеу. Индекстеуге және әлеуметтік төлемдерді алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 млрд теңге бағытталатын болады. Нәтижесінде 2025 жылы зейнетақының орташа мөлшері 96 562 теңге болады», – деді Мәди Тәкиев.

Оның дерегінше, екіншіден, биылмен салыстырғанда гранттар санын 2 500 орынға ұлғайту көзделеді. Нәтижесінде қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінетін болады.

«Үшіншіден – жоғарғы оқу орындарының студенттеріне шәкіртақысы мөлшерін орта есеппен 15-20 пайызға ұлғайту. Нәтижесінде шәкіртақының орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін – 52 372 теңге, магистратура үшін 117 098 теңге болады. Төртіншіден – халық санының өсуі мен науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<