2026 ЖЫЛҒЫ 15 НАУРЫЗДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

6

0

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақ­стан Республикасы Консти­туция­сының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабыл­данған Қазақстан Республикасы Кон­сти­туциясының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы) мә­тіні «Егемен Қазақстан» және «Казах­станская правда» мерзімді бас­па басылымдарында жариялансын.

2. 1995 жылғы 30 тамыздағы рес­публикалық референдумда қабыл­данған Қазақстан Республикасы Кон­ституциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің Архи­віне сақтауға тапсырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Консти­туциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентінде сақ­талады деп белгіленсін.

4. Орталық референдум комис­сиясы Қазақстан Республикасы Кон­ституциясының мәтінін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бан­кіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заң­нама және құқықтық ақпарат инс­титуты» шаруашылық жүргізу құ­қы­ғындағы республикалық мем­ле­кеттік кәсіпорнына жіберуді қам­тамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Прези­дентінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

1) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы;

2) «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.

6. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігі мүдделі мем­лекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтың 5-тармағында көз­делген заңнамалық актілердің жоба­ларын әзірлеуді және Қазақстан Рес­публикасы Президентінің қара­уына енгізуді қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасы Үкі­метінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

1) «Қазақстан Республикасы аста­­насының мәртебесі туралы» Консти­туциялық заң жобасы;

2) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы тура­лы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық акті­лерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жө­нін­де қажетті шаралар қабылдасын.

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Кон­ституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекітсін.

10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктел­сін.

11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                Қ.ТОҚАЕВ

Астана, Ақорда,

2026 жылғы 17 наурыз

                      № 1206