24 тамызда еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

365

0

Фото ашық дереккөз

KAZINFORM – Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 24 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр, найзағай күтіледі, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауылмен, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында – бұршақ, дауыл, еліміздің солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман болады деп күтілуде.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, ҚарағандыҰлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<