30513 адам «Pfizer» вакцинасын алған

636

0

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қазіргі кезде инфекциялық стационарда  253 адам,  жансақтау бөлімінде  25 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ, өңірдегі барлық емханаларда вакцина қоры жеткілікті.

– Өңір санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты «сары аймақ» қатарында. 2 ақпандағы мәлімет бойынша 20 жағдай тіркеліп,  аурушаңдық деңгейі салыстырмалы түрде төмендегені байқалады. Сонымен қатар, 72515 облыс тұрғыны ревакциналаудан өтті. Оның 4 мыңнан астамы американдық «Pfizer» вакцинасын салдырды. Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентін 93 процент, ІІ компонентін алғандар 89,8 процентті құрады. Ал 30 513 адам «Pfizer» вакцинасын алды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Жалпы Қазақстанда 2 ақпандағы жағдай бойынша 7149 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Ал  коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 10 млн-ға жуықтады. Нақтырақ айтқанда, вакцинаның І компонентін 9203671 адам салдырса, ІІ компонентін 8775383 адам алған.  1 ақпандағы мәлімет бойынша  «Pfizer» вакцинасының І компонентімен қамтылған жасөспірімдер – 531698,  жүкті әйелдер – 26268, бала емізетін әйелдер – 83070. ІІ компонентін салдырған жасөспірімдер – 279444, жүкті әйелдер – 16306, бала емізетін әйелдер – 47 278.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<