308 құқық бұзушылық анықталды

721

0

Қазіргі таңда өңірімізде төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Облыс бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 220 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен оның 7-не ескерту берілсе, 37-сіне айыппұл салынды, 136-ы әкімшілік қамаққа алынды. Ал Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 88 азамат анықталып, сот шешімімен 1-не ескерту, 3-не айыппұл, 72-сіне әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік шаралары көрілді.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<