Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында №375 дауыс беру учаскесінің жұмысы белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, барлық талаптар толық сақталуда. Таңғы сағат 07:00-де учаске өз жұмысын бастап, азаматтарды қабылдауға дайын болды.
Дауыс беру процесінің ашық, әділ және заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мүшелері алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, барлық қажетті ұйымдастыру шараларын орындады. Учаскеде дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалып, бюллетеньдер мен ақпараттық материалдар толық қамтамасыз етілген.
№375 учаске төрағасының айтуынша, дауыс беру күні жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде, тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда.
– Барлық дайындық жұмыстары уақытылы әрі сапалы атқарылды. Дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған. Әрбір азамат өз құқықтарын пайдаланып, таңдау жасай алады. Комиссия мүшелері дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалап, әр дауысқа жауапкершілікпен қарайды, – деді учаске төрағасы.
Сонымен қатар, учаскеде дауыс берушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға дауыс беру тәртібі мен рәсімі түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілуде. Қауіпсіздік шаралары толық сақталып, процесс жүйелі түрде өтуде.
Тұрғындар белсенділік танытып, ел үшін маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосуда.





