500 теңгелік банкнот айналымнан шықты

1331

0

Қазақстанда 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500
теңгелік банкноттар айналымнан шығарылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң):

– екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
– Ұлттық Банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

500 теңгелік банкнот айналымнан шықты

«Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды. Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша,сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді», – делінген хабарламада.

500 теңгелік банкнот айналымнан шықты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<