Қызылорда облысындағы «Майбұлақ» және «Оңтүстік-Шығыс Қызылқия» «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның кен орындарында электр станциялары тұрақты және сенімді жұмыс істеуде – деп Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті хабарлайды.
2020 жылғы 14 маусымдағы шұғыл ақпаратқа сәйкес:
– «Майбұлақ» кен орнының газ-поршенді электр станциясында қуаты 1,0 МВт болатын №1 ГПУ газ-поршенді қондырғысы жұмыс істеуде, №2 ГТУ резервте, электр энергиясын өндіру 0,21 МВт құрайды, «Майбұлақ» кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесіп, электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады;
– «Оңтүстік-Шығыс Қызылқия» кен орнының газ-поршенді электр станциясында №2,3,4 ГПУ газ-поршенді қондырғылары жұмысында, №1 ГПУ и ДЭС резервте, электр энергиясын өндіру 0,45 МВт құрайды және кен орнындағы дизельді электр станцияларымен бірлесе отырып электр энергиясын қажеттілікті 100%-ға жабады.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
облыс бойынша аумақтық департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<